Петропавлда «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында инновациялық Ерте қолдау қызметі ашылды. №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде жаңа қызметтің салтанатты түрде ашылуы өтті. Бұл бастама өңірде отбасы мен балаларға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде жүргізілетін сабақтар 3 айға созылады. Осы кезең ішінде орталыққа 50-ге жуық бала қатысады. Жаңа қызметтің ашылуына «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында «Дара» қорының қолдауы арқасында қол жеткізілді.
СНХ: ВАЛЕНТИНА ГИРЦ, «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ» КММ ЖЕТЕКШІСІ
Ерте қолдау қызметінің мамандары арнайы оқу курстарынан өтіп, балаларға ең маңызды алғашқы кезеңде қажетті көмекті көрсетеді. Баланы дер кезінде қолдау – оның қоғамға үйренуіне және балабақшаға еш қиындықсыз баруына жол ашады. Жаңа қызметтің пайдасын ата-аналар да байқап, оң бағасын беріп жатыр.
СНХ: ОЛЬГА ЕМЧЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Арнайы білім қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде балаларға қажетті қолдау көрсетіледі. Орталықтың мақсаты – әрбір баланың мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.