2025 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 331 тыйым салынған затты, оның ішінде пышақтар, дубинкалар және өзге де суық қару түрлерін тәркіледі. Осыған байланысты полиция өңір тұрғындарын қолданыстағы тыйым салынған заттарды ішкі істер органдарына дереу тапсыруға шақырады. Маңыздысы: мұндай қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Суық қаруды заңсыз алып жүру фактісі бойынша тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Аталған баптың 1-бөлігі ірі көлемдегі айыппұлдан бастап елу тәулікке дейінгі қамауға алуды және мүлікті тәркілеуді көздейді.

СНХР: Ерболат Қабыров — СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы