2025 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының қаулысымен 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі бекітілді. Бұл – арнайы салық режимінің жеңілдетілген декларация негізінде қолданылуына қатысты шектеу. Жалпы саны 44 қызмет түрі енгізілді.

Сондай-ақ жеке тұлғалардың көлік салығына елеулі өзгерістер енгізілгені айтылды. Яғни көлік құралының пайдалану мерзіміне қарай салық мөлшерлемесі төмендейді: пайдалану мерзімі 10 жылдан асса – салық 30%-ға, 20 жылдан асса – 50%-ға азаяды. Бұдан бөлек, жеке тұлғаның іс жүзінде кәсіпкерлікпен айналысып, табыс тауып жүргенін салық органдары қалай анықтайтыны түсіндірілді.


СНХР: НАТАЛЬЯ НЕКРАСОВА — СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ