Өңір мектептерінде кейбір сыныптар үшін уақытша қашықтан оқыту енгізілді. Бұл шара профилактикалық сипатқа ие және оқушылар арасында маусымдық вирустық жұқпалардың таралуын болдырмауға бағытталған. Облыс мектептерінде 59 сыныпта 506 оқушы сырқаттанған.
Аурушаңдық деңгейі 30%-дан асқан сыныптар уақытша қашықтан оқуға көшірілді. Оқыту процесі цифрлық платформаларды пайдалана отырып толық көлемде жалғасуда. Петропавл қаласында қашықтан оқытудың ішінара форматы 8 мектепте енгізілді. Айыртау ауданында бір мектепте 20 қарашадан 3 желтоқсанға дейін 19 сынып қашықтан оқуға көшірілсе, Тимирязев ауданында 3 мектеп онлайн оқыту жүйесіне көшкен. Барлық білім беру ұйымдарында пәндік-кабинеттік жүйені сақтау, үй-жайларды санитарлық өңдеу, тұрақты желдету және мектептің медицина қызметкерлері оқушыларды жүйелі тексеру сияқты профилактикалық шаралар жалғасуда.