Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды. Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтің қолдауымен ұйымдастырылған бұл сапар, Қытайдың жетекші корпорацияларымен экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болып отыр. Бейжің қаласында Қытайдың ең ірі мемлекеттік және жеке компанияларымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер жүргізіліп, жеті стратегиялық меморандумға қол қойылды.