Бүгін мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы негізінде «Қызғылт сары лента» акциясы ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты – гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, оның алдын алуға үлес қосу және зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жандарға қолдау көрсету.

Әлем бойынша жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «Белсенді іс-қимылдың 16 күні» атты халықаралық акциясы өткізіледі. Аталмаш науқан зорлық-зомбылықтың алдын алып, отбасылардағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.


СНХ: ӘСЕМ ІЛИЯСОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ


Акцияға қатысушылардың қолында қызғылт сары ленталар мен шарлар бар. Олар бұл белгілерді жолда кездескен тұрғындарға ұсынып жатыр. Әйелдер үшін қызғылт сары лента – өзіне немесе жақындарына қатысты қандай да бір зорлық-зомбылық болса, үнсіз қалмайтынын білдіретін белгі. Ал ер адамдар үшін бұл лента – зорлық-зомбылыққа жол бермеуге және оған қарсы белсенді әрекет етуге дайын екенін көрсететін нышан.


СНХ: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ


Мұндай іс-шаралар жыл бойы тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың хабардарлығын арттыруға бағытталады. Алдағы уақытта да қоғамды зорлық-зомбылықтың алдын алуға жұмылдыру жұмыстары жалғаса береді.