2025 жылдың он айында Тимирязев ауданының экономикасына 8,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Қаражат негізінен ауыл шаруашылығындағы техника паркін жаңартуға, жаңа жабдық алуға және бірқатар бюджеттік жобаларды іске асыруға бағытталған. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен алдағы міндеттер туралы аудан әкімі Ерлан Жаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

Аудандағы басты инвестициялық жобалардың бірі – Тимирязев ауылында қытайлық инвесторлармен 8 гектар жерге майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салу. Сондай-ақ, түркиялық компания майлы дақылдарды қабылдап, алғашқы өңдеуден өткізіп, сақтау үшін зауыт құруда. Бұл екі жобаға жалпы 4,5 млрд теңгеден астам инвестиция құйылмақ.

аударма

СНХ: ЕРЛАН ЖАРОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Ауыл шаруашылығы өндірісінің әлеуетін дамыту – аудан аграрийлері үшін басты міндет. Олар еңбек өнімділігін арттыру және өңделген өнімді экспорттау бойынша жұмыстар жүргізуде. Саланы жаңғыртудың негізгі факторы – техника мен жабдықтарды жаңарту. Биылғы жылдың басынан бері жалпы құны 2,7 млрд теңгеге 200-ден астам техника мен қосалқы жабдық сатып алынған.


СНХ: ЕРЛАН ЖАРОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Жалпы, ауданның 10 айдағы жалпы өнім көлемі 46,6 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 0,8 млрд теңгеге артық.