Петропавл қаласының облыстық мәслихатында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде – облыс бюджетіне қатысты, сумен жабдықтау жүйелерін субсидиялау және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға байланысты бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер қаралды.

Алдымен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025–2027 жылдарға арналған облыс бюджетін бекіту туралы шешіміне енгізілетін өзгерістер талқыланды. Құжатта қаражатты бөлуге және қаржылық міндеттемелерді нақтылауға қатысты түзетулер қамтылған.cyc: ҚУАНЫШБЕК CНХ: ҚАЛИЖАНОВ, СҚО ӘКІМДІГІ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Бұдан кейін кеңес мүшелері агроөнеркәсіптік кешеннің несиелік серіктестіктері қауымдастығының өтінішін қарады. Ұйым аграрлық секторды несиелеу бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мәселесін көтерді. Дер кезінде көрсетілетін қолдау ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және саланы дамытуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

СНХ: ЕЛЕНА ГОНТАРЬ, СҚО ӘКІМДІГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ