М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Әдістемелік орталықтың» ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтары арасында «Дебют» облыстық байқауы өтіп жатыр. Сайыс қаланың үш бірдей білім мекемесінде ұйымдастырылған. Білім додасына еңбек өтілі үш жылға дейінгі төрт жас мұғалім қатысу үстінде. 

«Дебют» байқауы төрт жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жоба жас мамандарға кәсіби шеберліктерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Байқаудың ерекшелігі педагогтар үшін мүлде таныс емес топтармен жұмыс істеу. Яғни, мұғалімдер жаңа аудиториямен сабақ өткізіп, өз әдістемелік шеберлігін дәлелдеуі тиіс.

СНХ: ЕВГЕНИЯ КОЛЕСНИКОВА, «ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ» ӘДІСКЕРІ


Ақмарал Төлегенова 2022 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ды бітіріп, мамандығы бойынша еңбек жолын 2023 жылы бастаған. Қазір жоғары құрылыс экономикалық колледжінде жұмыс істейді. Мұндай сайыстарға бірінші рет қатысып тұрмын және қобалжу бар дейді жас маман.

СНХ: АҚМАРАЛ ТӨЛЕГЕНОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ


Қорытынды кезең 28 қарашада өтеді. Онда жас педагогтар өздерінің идеяларын, авторлық әдістемелерін таныстырады. Сайыс нәтижесінде гран-при иегері және жүлделі үш орынның жеңімпаздары анықталмақ.