Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылындағы «Пересвет» жеке кәсіпкерлігінің наубайханасы 2016 жылы іске қосылған. Содан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын бүгінде ас атасы нанның 12 түр мен тәтті тоқаштар, рулет,кекс, торт секілді кондитерлік өнімдердің де алуан түрлерін пісіріп өз тұтынушыларын қуантып келеді. Дайын өнім Саумалкөл мен аудан көлеміндегі ауылдарға, көршілес Ғабит Мүсірепов пен Есіл аудандарының Саумалкөлге жақын орналасқан елді мекендері, тіпті Айыртау ауданымен шекаралас Ақмола облысының бірқатар ауылдарына да жеткізіледі.
Дастарханымыздың төрінен орын алатын ас атасы Нан, өзге тауар түрлеріне қарағанда қашан да сұранысқа ие. Жалпы наубайхана жұмысы қалай жүргізіледі, нан пісіру процесінің толық циклы қалай жүзеге асады ол жайында «Пересвет» жеке кәсіпкерлігінің технолог маманы пікіріне құлақ түрсек.
СНХ: Яна Лобикова –технолог
Наубайхана тоқтаусыз күні-түні жұмыс істеп, бұл жерде тәулігіне әр түрлі пішіндегі 2000 мың бөлке нан пісіріледі. Еңбеккерлер саны 25. Дүкендердегі нан атауларына құлақ үйренген. Алайда аталмыш наубайхананың нан өнімдері ассортиментінде «Солдатский» және «Гречневый» деген нан түрлері де бар. Бастапқыда жаңа атаумен шыққан нан түрлеріне сұраныс төмен болып, жұрт жатырқай қарағандарымен бүгінде ол да сүйікті нан қатарынан табылыпты. Жалпы аталмыш наубайхананың бір айда жұмсайтын ұн көлемі 35-40 тоннаны құрайды екен. Оған қажетті шиткізатты олар облыс орталығы мен Көкшетаудың ұн шығару комбинаттарынан сатып алады.