Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының аймақтық коммуникациялық қызметінің алаңында брифинг өтті. Оған Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Рахат Смағұлов қатысып, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған жоспары туралы айтты.
Мағжан Жұмабаев ауданында әлеуметтік -экономикалық дамуда оң динамика байқалады. Ауыл шаруашылығы – 25 пайызға, өнеркәсіп 5,9 пайызға, инвестициялар 18.8 пайыз, сауда 3 пайызға артқан.
СНХ: РАХАТ СМАҒҰЛОВ М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Мағжан Жұмабаев ауданында соңғы онжылдықта рекордтық өнім алынды. Астық шығымдылығы гектарынан 26 центнерден астам. Ауданның агроқұрылымдары бұрын-соңды болмаған жеңілдетілген қаржыландыру түрінде 18 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қаржылық қолдау алды.
СНХ: РАХАТ СМАҒҰЛОВ М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауданда гектарынан 30-дан 40 центнерге дейін астықтың ең жоғары өнімін алған шаруашылықтарды атап өткен жөн. "Ноғайбай" ЖШС –гектарынан 43 центнер,"СК Агро 2050" ЖШС, "Жетісу Жер" ЖШС – гектарынан 35 центнерден, "Полудинское" ЖШС гектарынан 29 центнер, "Земля Возвышенки" ЖШС гектарынан 28 центнер өнім алған. Бұл – ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі Президент жүктеген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Мал шаруашылығы да тұрақты дамып келеді. Ет өндіру көлемі 10,6 пайызға, сүт өндіру 5,7 пайызға артқан. Жаңа мал шаруашылығы кешендерінің ашылуына байланысты мал басының көбеюі байқалады. Бүгінде ауданда 7 ірі заманауи сүт фермасы жұмыс істеп тұр.
СНХ: РАХАТ СМАҒҰЛОВ М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Биылғы жылы Мағжан Жұмабаев ауданында Совет ауылында Қазақстанда және Орталық Азияда ең ірі, 10 мың басқа арналған сүт фермасы жұмыс істей бастады. Жобаның құны - 8 миллиард теңге.Қараша айында шет елден бірінші партия құнажындар әкелінді.
Сондай-ақ ауданда биылғы жылы 25 шақырым жол жөнделді, бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге бағытталды. ПролетАр, ЧистОв, Александровка, Ұзынкөл, Таман-Пулеметовка ауылдарына баратын жолдады жөндеу жұмыстары басталды. Аудандағы ұзындығы 104 км магистралды су құбырларын қайта салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, құны 4,8 млрд. теңгені құрайды. Брифинг барысында білім, медицина, спорт салалары да талқыланды. Аудандағы білім беру нысандарын жөндеу жұмыстарына 500 млн. теңге бөлінген.