Петропавлда «Ізгілік жолымен» акциясы өтіп жатыр. Жастар ресурстық орталығының мамандары «Помощь рядом» волонтерлік қозғалысының еріктілерімен бірге жалғызілікті қарттарға, зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетеді.

18 жылдан бері жалғыз тұрып келе жатқан Галина Малыгина үшін күнделікті тұрмыстық жұмыстарды атқару қиынға соғады. Бұрын ол Петропавл ауыр машина жасау зауытында еңбек еткен. Қазір зейнеткерге тұрақты күтім қарастырылмағанымен, волонтерлердің көмегі оған үлкен демеу болып отыр. Олар үйлеріне жиі келіп, жағдайын біліп, қажетіне жәрдем береді.

СНХР: ГАЛИНА МАЛЫГИНА, ЗЕЙНЕТКЕР


Бұл жолы Галина Малыгинаға алты волонтер қолғабыс етті. Олар ауласын ретке келтіріп, көмір мен отынды жылыту маусымына дайындады. Ал жазда жастар ресурстық орталығының белсенділері бақша жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.

СНХР: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ


Акцияның мақсаты қарттарды және көмекке мұқтаж жандарды қолдау. Ұйымдастырушылар тұрғындарды немқұрайлы қарамауға және ізгі істі бірге жалғастыруға шақырады.