Петропавлда «AMANAT» партиясының әйелдер қанаты мен Бірінші гимназия оқушыларының қатысуымен ұрпақтар кездесуі өтті. Шараға сондай-ақ өңірдің дамуына үлес қосқан белсенді әйелдер мен еңбек ардагерлері шақырылды. 

«Amanat» партиясының әйелдер қанаты 10 бағыт бойынша жұмыс істейді. Соның бірі «Әйел аманаты» жобасы аясындағы гендерлік бастамаларды жүзеге асыру. Солтүстік Қазақстан облысында бұл жұмыс «Қуатты әйел» өңірлік жобасы арқылы жалғасуда. Осы ретте партия өкілдері Бірінші гимназияға барып, 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

СНХР: ӘСЕЛ ЕСЖАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ


Кездесудің құрметті қонақтары қатарында өңірдің белсенді әйелдері, еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлері болды. Солардың бірі Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, Бірінші гимназияның бұрынғы директоры Раиса Полищук. Ол бұл білім ордасын шамамен 30 жыл басқарған. Бүгін ардагер-ұстаз туған мектебіне келіп, жас буынмен әңгіме өрбітіп, батасын берді.

СНХР: РАИСА ПОЛИЩУК, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ


Кездесудің негізгі мақсаты жастармен жұмыс жүргізу. Қатысушылар әйелдердің қоғамдағы рөлі, өзара қолдаудың маңызы және бірлік пен құрмет мәдениетін қалыптастыру туралы пікір алмасты.