СҚО-да полицейлер есірткі жеткізді деген күдікке ілінген азаматты ұстады. Одан психоактивті заттар тәркіленді. 


Бұл елорда тұрғыны жүргізген «Kia Cerato» автокөлігі. Солтүстікқазақстандық полицейлер оны Петропавл қаласына аса ірі көлемде есірткі жеткізді деген күдікпен ұстады.


ККөліктің жүк салғышынан полиция қызметкерлері төрт түйіншек тапты. Сараптама олардың жалпы салмағы 608 грамнан асатын синтетикалық есірткі — α-PvP және «мефедрон» екенін анықтады.

СНХР: АЛМАЗ ЖӘКЕНОВ — СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу — полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының негізгі міндеттерінің бірі. Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 5 килограмға жуық синтетикалық психотроптық зат тәркіленді.