Биыл тарих ғылымдарының докторы, академик Манаш Қозыбаевтың туғанына 94 жыл толып отыр. Атаулы датаға орай СҚУ-де Ұлы тұлғаның құрметіне арналған іс-шаралар легі өтті. Университет ұжымы ғалымның ескерткішіне гүл шоғын қойып, оның ел ғылымына қосқан үлесін еске алды. Мерейтой аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасына қатысты материалдар жинақталды.

Академик, ғалым Манаш Қозыбаевтың мерейтойына арналған іс-шаралар реті оның ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Оқытушылар, студенттер және университет өкілдері ескерткіш маңына жиналып, көрнекті тұлғаның рухына тағзым етті. Қатысушылар Манаш Қозыбаевтың бай ғылыми мұрасы білім беру саласы мен жас буынға бағыт-бағдар беретінін атап өтті.


Іс-шара аясында «Сөнбейді Манаш жұлдызы» атты көрме таныстырылды. Экспозицияға ғалымның өмір жолын, қызметін және ғылыми мұрасын айғақтайтын мұрағаттық материалдар, фотосуреттер мен жарияланымдар қойылды. Көрме барысында тарихшының ғылымдағы орны мен еңбегі жайлы айтылып, студенттер өлең оқыды.

СНХР: ЗЫЛИҚА БИМАҚАНОВА, ПРОФЕССОР, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ


Сондай-ақ университетте ғалымның есімі берілген аудитория ашылды. Бұл — университеттің ғылым майталманына көрсеткен құрметінің айғағы болды. Жиын барысында 15 студентке Манаш Қозыбаев атындағы атаулы шәкіртақы табысталып, арнайы сертификаттармен марапатталды.

СНХР: ТАЙЫР ИМАМОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ