Облыс орталығындағы қалалық мәдениет үйінде Дүниежүзілік Жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромына қарсы науқан аясында интерактивті-концерттік бағдарлама өтті. Игі бастама биылғы 2025 жылғы науқанның тақырыбы — «адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен ұйымдастырылды.

10 қараша мен 10 желтоқсан аясында өтіп жатқан бұл дүниежүзілік іс -шараның басты мақсаты қоғамда АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат тарату, жастардың ақпараттану деңгейін арттыру және аурудың алдын алу мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға 150-ге жуық адам қатысты.

СНХР: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Бағдарлама барысында шығармашылық ұжымдар мен жас орындаушылар өз өнерлерін ұсынып, көрермендерге ағартушылық мазмұндағы интерактивті қойылымдар көрсетілді.

СНХР: МАМАДИЯР БАЙҒҰЛОВ – АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.


Іс-шара соңында мамандар АИТВ-ның алдын алу жолдары, тексеруден өту маңыздылығы және қоғамда стигманы азайту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.