Петропавлда «ақылды» камералар стихиялық қоқыс үйінділерімен күресетін болады. Жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған құрылғылар көпқабатты үйлердің аулаларындағы проблемалы нүктелерді анықтап, толып қалған контейнерлерді интерактивті картада көрсетеді. Ақпарат мамандарға жедел жеткізіліп, мәселені дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.


Толып тұрған контейнерлер, жан-жаққа ұшқан қоқыс, жағымсыз иіс – Петропавлдағы көптеген аулалардың үйреншікті көрінісі. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары қоқыстың уақытылы әкетілмейтініне жиі шағымданады. Ал коммуналдық қызмет өкілдері, қаланы тұрғындардың өздері стихиялық қоқыс полигонына айналдырып жатқанын айтады.

СНХР: ВАСИЛИЙ МОРОЗОВ, КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРІ


Коммуналдық қызмет мамандарының сөзін мүлік иелері бірлестіктерінің төрағалары да растайды. Айтуларынша, тұрғындардың жауапсыздығынан ірі габаритті қалдықтарды шығару үшін қосымша қаражат төлеуге мәжбүр болатын кездер жиі кездеседі. Тіпті бейнебақылау да бұл жағдайға әсер етпейді. Жыл басынан бері қалада бес мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тұрғындар жазаны қатаңдату қажет деп санайды.

СНХР: СТАНИСЛАВ ГВОЗДЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Дегенмен камераға түссе де, көптеген құқықбұзушылар жазадан құтылып кетеді. Әрқайсысын анықтау оңай емес,- дейді мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Александр Ильин. Оның қарамағында шамамен 20 көпқабатты үй бар, олардың қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігінен қоқыстың бәрін шығару қиынға соғады.

СНХР: АЛЕКСАНДР ИЛЬИН, МИБ ТӨРАҒАСЫ


Қоқыс мәселесін ушықтырмау үшін Петропавлда жасанды интеллект элементтері бар 43 камера орнатылған. Жедел басқару орталығындағы интерактивті картада толып қалған контейнерлер нақты уақыт режимінде белгіленеді. Жүйе ақпаратты талдап, оны коммуналдық қызметтерге жедел жолдайды. Сонымен қатар қоқыс шығару кестесі де бақылауда.

СНХР: ТИМУР ЖҰМАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ


Қазір жүйе тесттік режимде жұмыс істеп тұр. Жоба тиімділігін дәлелдесе, келесі жылы тағы екі жүзге жуық «ақылды» камера орнатылады. Ол кезде толып қалған контейнерлер туралы сигналдар тікелей коммуналдық қызметке түседі. Ал тәртіп бұзушылармен полиция айналыспақ.