Қалалық жастар ресурстық орталығы Ұлттық валюта - теңге күніне орай Петропавлдағы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында танымдық квест-викторина өткізді. Іс-шараға қаладағы бірқатар банк өкілдері және жастар қатысты. Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмалар бойынша қаржылық білімдерін сынады.

Квест барысында командалар теңгенің пайда болуы, ұлттық валютаның ерекшеліктері, банк саласының қызметі және қаржылық сауаттылыққа қатысты сұрақтарға жауап берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты жастардың қаржы мәдениетін арттыру және Ұлттық валюта күнін насихаттау.

СНХ: ДАМИР АБДИН, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 


Іс-шараға төрт банк өкілдері белсенді қатысып, өз білімдерін сынға салды. Олар қатысушылар теңгенің тарихынан бастап, қазақстандық банк жүйесінің даму кезеңдеріне дейінгі ақпараттарды ортаға салды. Командалар 4 кезеңнен тұратын сайыста 40 секундтың ішінде сұрақтарға жауап беру керек болатын.

СНХ: ОЛЕГ КОЛТУНОВ, БАНК БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ


Квест соңында жеңімпаз командалар анықталып қатысушыларға грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жастардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған түрлі форматтағы іс-шараларды жалғастыратынын айтты.