Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ел өңірлерінде ауқымды науқан өткізіп жатыр. «Біртұтас ел – біртұтас жер» атты әскери-патриоттық акция Солтүстік Қазақстан облысының жүздеген мектеп оқушысы мен студенттерін де қамтыды. Жиында жас ұрпаққа әскери қызмет, әлеуметтік кепілдіктер және жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.
Жиынның мақсаты – жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Сонымен қатар, қатысушыларға әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі мен әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді.
СНХ: ДӘУЛЕТ БИСЕКОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ОФИЦЕРІ
Жиында Жеңістің 80 жылдығына арналған көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге соғысқа қатысты бірегей, көрген адамның қызығушылығын оятатын түпнұсқа экспонаттар қойылған.
СНХ: ДӘУЛЕТ ҚАДЫРОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӘСКЕРИ-ТАРИХИ МУЗЕЙІНІҢ БАСТЫҒЫ
Жиын барысында бірақатар қатысушылар марапатталды, сондай-ақ Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ансамблінің концерттік қойылымдары көрсетілді.