1 қазаннан бастап Қазақстанда вирустық инфекциялар мен тұмаудың жаңа эпидемиялық маусымы басталды. Өңірде жедел респираторлық вирустық инфекциялардың 13 982 жағдайы тіркелді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,5 пайызға аз. Былтырғы маусымда 18 508 жағдай анықталған болатын.
Науқастардың ең көп бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл топта 9 399 жағдай тіркеліп, барлық аурулардың 67,2 пайызын құрап отыр. Соңғы аптада ЖРВИ-дың 2 154 жағдайы анықталды. Бұл – алдыңғы аптамен салыстырғанда 22 пайызға аз.
қазақша 305 1:45 – 2:09
СНХ: ГҮЛИДА ЖАКЕЕВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Облыс бойынша тұмау вирусы мен басқа да ЖРВИ таралуына мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта тұмаудың 10 жағдайы тіркелді. 7 жғ. 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 3 жғ. Немесе 30% ересектер арасында тіркелді. Облыста тұмауға жатпайтын вирустар таралуда, яғни: риновирустар - 6 жғ., аденовирустар - 2 жғ. Тіркеліп отыр.
23 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы егу науқаны басталды. «Тәуекел тобына» кіретін облыс тұрғындары үшін 60 мың доза «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Қазірдің өзінде осы топқа жататын 58 539 адамға екпе егілді.
СНХ: ГҮЛИДА ЖАКЕЕВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Вирус өте тез таралады. Сондықтан мамандар алғашқы белгілер байқалған сәтте дереу дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеді.