Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында жасанды интеллект технологияларын дамыту мен оны түрлі салаларға енгізудің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы әсіресе медицинада жаңа ЖИ-мониторинг жүйесін қалыптастыруды тапсырды. Бұл жүйе медициналық қызметтің сапасы мен көлемін нақты бағалауға, емдеу мекемелерінің тиімді жұмысын анықтауға мүмкіндік береді. Жолдауда айтылғандай, жасанды интеллект ауылдық жерлердегі қолжетімділігі төмен медициналық қызметтерді жақсартуға ерекше ықпал ете алады. Сонымен қатар жаңа технологияларды қолдану денсаулық сақтау жүйесін ашық әрі тиімді етуге жол ашады. Солтүстікқазақстандықтар да жасанды интеллекттің медицина саласына енуіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерін ортаға салды.