№29 жалпы білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Бұл ҚР ІІМ бастамасына қосылған өңірдегі төртінші оқу орны. Сыныптың ашылу салтанатына өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов қатысты.

Осы жолы «Жас сақшы» полицейлік бағыттағы жаңа сынып «Береке» шағын ауданындағы білім ұясында ашылды. Бұған дейін, бұл бастамалар Петропавл қаласының екі мектебінде және Шал ақын ауданындағы Сергеевка ауылында орналасқан академик Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназияда жүзеге асырылған болатын.


СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Салтанатты іс-шараға педагогтар, оқушылар мен ведомство ардагерлері қатысты. Жиын барысында облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов мектеп ұжымының бірқатар мамандарын алғыс хатпен марапаттады. Айта кетейік, жаңадан ашылған бұл сыныптың құрамына 20 оқушы кіреді.


СНХ: РУСЛАН ТАСЫМОВ, СҚО ПД ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Оқу сағаттары апта сайын өткізіліп отырады. Оқушылар тәртіп сақшыларының қызметімен танысады. Олар полиция қызметкерлерімен бірге жедел профилактикалық шаралар мен рейдтерге қатысады.


СНХ: БАЛЫМ ОРАЛ, №29 МЕКТЕПТІҢ 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ


Оқушылар мен облыстық полиция департаменті мәдениет орталығының вокалдық тобы өздерінің жүрекжарды орындауларымен жиынның сәнін келтірді.