Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Мұнда ауылдық округтерден келген тауар өндірушілер тұрғындарға өз өнімдерін нарықтағыдан төмендетілген бағамен ұсынды. Іс-шараны Қызылжар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі жергілікті фермерлерді қолдау және халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырды.
Жәрмеңкеде ауылдық округтерден келген тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылды. Сатып алушыларға ет, сүт, жұмыртқа, картоп, маусымдық көкөністер, бал және үйде жасалған тағамдар ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қатысуы бағаны тұрақтандыруға көмектеседі және мұндай жәрмеңкелердің тұрғындар арасында аса сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.
СНХР: КЕНЖЕГҮЛ ЖҰМАБАЕВА – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бүгін ауылдық округтердің ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұндағы өнімдер – ет, сүт, картоп, қырыққабат, көкөністер, барлығы төмендетілген бағамен сатылуда. Біз мұндай шараны қарттар күніне орай да өткізгенбіз, енді жылды осылай қорытындылап отырмыз. Облысымызда мұндай жәрмеңкелер үнемі ұйымдастырылады, Астанада да өткіземіз. Биыл ауыл шаруашылығы өндірушілері жем-шөп, құрғақ шөп, сабан да әкелді – бәрі тұрғындар үшін қолжетімді болу мақсатында төмендетілген бағамен ұсынылуда.Сөрелердегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің толық ассортименті қолжетімді бағамен ұсынылған. Сатушылардың айтуынша, сұраныс өте жоғары: ет пен сүт өнімдері жәрмеңкенің алғашқы сағаттарында-ақ өтіп кетеді. Сатып алушылар көбіне үй көкөністерін, табиғи сүт өнімдерін және етті таңдайды.
Біздің омарта көшпелі. Биылғы жылы ара ұяларының саны 160-қа жетті. Қазіргі уақытта біз үш түрлі бал ұсынып отырмыз: биыл өте тапшы болып тұрған қарақұмық балы, сондай-ақ аралас гүл балы және күнбағыс балы. Жәрмеңкедегі бағалар әдеттегіден төмендетілген.
Біз Қызылжар ауданының тұрғындары үшін сүт өнімдерін, қой етін, қаздарды, түрлі консервілерді, қоспаны – бәрін алып келдік.
Жәрмеңкеге келгендердің көбі жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары. Олар үшін мұнда келу – ыңғайлы, әрі үнемді, себебі өнімді өндірушіден тікелей нарық бағасынан төмен бағада сатып алуға болады. Көпшілік мұндай жәрмеңкелердің сапалы өнімді бір жерден алуға жақсы мүмкіндік екенін айтады.
Сүттің литрі 250 теңге – бұл өте керемет. Ет, сүт, жұмыртқа – бәрі төмендетілген бағамен болса жақсы, өйткені көптеген зейнеткерлер дүкендегі бағамен мұндай өнімдерді алуға шамалары жетпейді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қызылжар ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіліп, жақсы дәстүрге айналған. Олар фермерлерге сату нарығын кеңейтуге, ал тұрғындарға жергілікті, сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Рабиға Ералы, Гүлжан Андагулова, Ерлан Махметов жаңалықтар қызметі