Өңіріміздегі жетекші би мектептерінің бірі — S’avancer оқушылары Астанада өткен, 9 елдің өкілдері қатысқан халықаралық турнирден түрлі жүлделі орындармен оралып, өңір намысын абыроймен қорғады. 

«S’avancer» би мектебі 2014 жылдың қаңтарында құрылған. Қазіргі таңда мұнда ересектер мен балаларды қоса алғанда шамамен 150-ге жуық адам би өнерін меңгеріп жүр. Мектептің негізгі бағыттары — спорттық билер. Олар еуропалық және латынамерикалық бағдарламаларға маманданған. Мұнда халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлігіне үміткерлер, Қазақстан мен Азия чемпиондары дәріс береді. Хореография мектебінің жетекшісі Юрий Мирошниченконың айтуынша, биылғы жыл мектеп үшін өте табысты, нәтижелі кезең болған.

СНХР : Юрий Мирошниченко «S’AVANCER» хореография мектебінің жетекшісі


Халықаралық IBDC нұсқасы бойынша Астанада соло орындаушылар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Бұл чемпионат елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға 9 елдің бишілері сондай-ақ, «S’avancer» би мектебі атынан жеке орындауда 8 жас өнерпаз қыз қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

СНХР: Ярослава Кузнецова «S’AVANCER» хореография мектебінің жаттықтырушысы


Қатысушылар латынамерикалық және еуропалық бағыттардағы билерді орындады. Атап айтқанда, баяу вальс, веналық вальс, квикстеп және самба билері ұсынылды. Айтуларынша, байқау аса қиындық тудырмаған. Барлығы жақсы дайындалып, өз мүмкіндіктерін толық көрсете алғандарын айтты.


СНХ: ОЛИВИЯ КОЛЕСНИКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ


СНХ: АИША ҚАЙЫРБЕКОВА КЛАССТЫҚ ЖАРЫСТАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ


СНХ: УЛЬЯНА ХОМУТОВСКАЯ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ


Алдағы уақытта би мектебінің шәкірттері халықаралық турнирден жүлделі орындармен оралып, бұдан да жақсы нәтиже көрсетуді көздеп отыр.