Петропавлда SKO Hub өңірлік IT-хабы табысты жұмыс істеп келеді. Бұл – заманауи технологияларды меңгеремін деген жастарға ашылған үлкен мүмкіндік. Мұнда жас мамандар жасанды интеллект, Big Data, смарт технологиялар бойынша білім алып, өз жобаларын дамытуда. Ең бастысы – бұл білім енді тек мегаполистерде ғана емес, аймақтарда да қолжетімді.

Цифрландыру – уақыт талабы. Жасанды интеллект, Big Data, смарт технологиялар бүгінде аймақтарда да қолжетімді болуда. Солардың бірі – Петропавлдағы SKO hub өңірлік IT-хабы. Мұнда жастар жаңа технологияларды үйреніп, өз стартаптарын дамытып жүр.

СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, SKO HUB ӨҢІРЛІК IT-ХАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллектті дамыту – бүгінгі күннің басты бағыты. SKO hub базасында осы салаға арналған курстар мен тренингтер қарқынды жүріп жатыр. Мұнда кітапханашылар, мұғалімдер, жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған оқыту бағдарламалары іске асқан. Қатысушылар жасанды интеллектпен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгеруде. Бір жылдың ішінде бұл курстарға екі мыңнан астам адам қатысып үлгерген.

СНХР: ЗУЛЬФИЯ ТУХВАТУЛЛИНА, SKO HUB ӨҢІРЛІК МЕНЕДЖЕРІ


SKO hub өңірлік деңгейде цифрлық әлеуетті арттыруға бағытталған «Digital Keruen» жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл бастама аясында команда ауыл-аймақтарды аралап, жастарға арналған тегін мастер-класстар ұйымдастырады. Сонымен қатар, аудан орталықтарында IT-орталықтар ашылып, жас буын заманауи цифрлық кәсіптерге оқытылады.

СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, SKO HUB ӨҢІРЛІК IT-ХАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Қорыта айтқанда, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті меңгеру — бүгінгі оқушылар үшін тек қызықты хобби емес, болашақ кәсібінің бастауы.