Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндірісті дамытуға айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы шикізаттық модельден жоғары қосылған құны бар өнімдер өндіруге көшу қажеттігін атап өтті, сондай-ақ қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа жоғары технологиялы өндірістер құруға инвестиция салудың маңыздылығын жеткізді