«Қызылжар» креативті орталығында «Қазақ вальсінің королі» атанған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Менің Қазақстаным» атты облыстық ән байқауы өтті. Сайысқа өңір өнерпаздары қатысып, шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Кештің мақсаты - ұлы композитордың шығармашылық мұрасын насихаттау және өнерпаздардың орындаушылық деңгейін арттыру.
Байқауға өңір аудандары мен Петропавл қаласынан 17 өнерпаз қатысты. Олардың ішінде жалғыз өнер көрсеткендер де, топ болып қатысқандар да бар. Шығармашылық сайыста жас ерекшелігі шектелмеген. Ән айтуды хобби ретінде көретін Еркебұлан Ерсайынов облыс көлеміндегі мұндай ауқымды сайысқа алғаш рет қатысып отыр.
СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ЕРСАЙЫНОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Байқаудың басты шарты бойынша әр қатысушы екі ән орындауы керек. Бірінші ән ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармасынан болса, екіншісі жергілікті ақындар мен сазгерлердің туындысы болуы тиіс.
СНХ: ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығы ұйымдастырған байқауда барлық қатысушылар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.