Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада Мәлік Ғабдуллинның туғанына 110 жыл толуына орай «Мәлік мұрасы - мәңгілік» атты еске алу кеші өтті. Жиынға мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. 

Мәлік Ғабдуллиннің тағдыры – ХХ ғасырдағы қазақ халқының тағдырымен сабақтас. Ол майданда ерлік көрсетіп, бейбіт заманда ғылым мен білімнің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Отан соғысы басталғанда Мәлік Ғабдуллин 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында соғысқа аттанады. Мәлік Ғабдоллаұлы бөлімше командирі ретінде жауынгерлерді жігерлендіріп, отансүйгіштіктің үлгісін танытты. Ал соғыстан кейін ол ғылымға бет бұрған.

СНХ: ЗАҒИПА ЕҒЗАМ – КІТАПХАНАШЫ


Іс-шараға Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің ұстаздары, оқушылары шақырылған. Қатысушылардың айтуынша жиын барысында олар мол тың мағлұмат алған.

СНХ:АДАЙ ӘБІЛМӘЖІН ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 МЕКТЕПТІҢ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ


Кітапханаға келген соң М.Ғабдуллин кедей отбасында туғанын, қандай қиындықтар кешкенін, бауырлары аштықтан өлгенін білдім. Осыған қарамастан ол осындай биіктерге жеткен.

Сондай-ақ 20 шығармашылық туындыдан тұратын көрме қанат жайған. Мәлік Ғабдуллиннің еңбектері – ұлттық педагогика, халық ауыз әдебиеті, патриоттық тәрбие мәселелерін терең қарастырған ғылыми мұра.