2025 жылдың 10 айындағы Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтылды. Биыл ауданның дамуына 4,5 млрд теңге бағытталып, оң динамикаға қол жеткізілді. 

Ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде өсім байқалады. Орташа жалақы 284 мың теңгеге дейін көтерілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 мыңға көп. Ауыл шаруашылығындағы өсім одан да жоғары – 317 мың теңге, яғни 37 пайызға артқан. Агросектор аудан экономикасының негізгі бағыты болып қала береді. Мұнда 87 ЖШС және 150-ден астам шаруа қожалығы жұмыс істейді. Осы он айда 56 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, өсім – 5 пайызды құрайды.

СНХР: МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ – ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Ауданда жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, жол сапасын жақсартуға бағытталған. Есіл ауданында жалпы 505 шақырым автожол бар.

СНХР: МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ – ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Бұдан бөлек, бес ауылдың кіреберіс жолдары және сегіз елді мекеннің ішкі көшелері жаңартылды. Барлығы 50 шақырымнан астам жол ретке келтірілді. Жұмыстардың жалпы қаржыландыру көлемі 2 млрд теңгеден асты.