Солтүстік Қазақстан облысына еңбек күші артық өңірлерден және қандастарды көшіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған жиынға еңбек мобильдігі орталығының өкілдері, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ мансап орталықтарының директорлары мен мамандары қатысты.

Іс-шарада облыс орталығы мен аудандарға қоныс аударғандар мен қандастардың жаңа жерге тез үйренуі, қоғамға бейімделуі сияқты мәселелер сөз болды. Сонымен қатар кейбір аудандарда олардың жұмысқа орналасу көрсеткіштері неге төмендеп кеткені де талқыланды. Бұдан бөлек, қоныс аудару және жұмыспен қамту бойынша жақсы нәтижелер мен оң тәжірибелер де қарастырылды.