Тәуелсіздігіміздің нышаны – төл теңгемізге 32 жыл. Осы уақытқа дейін теңгеміздің кескіні сан рет өзгеріп, басқа валюталарға шаққанда құны да сан құбылды. 15 қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта күні аталып өтеді. Дәл осы күні, 1993 жылы, теңге еліміздің барлық аумағында алғаш рет айналымға енді. Оның тарихымен облыстық тарихи-өлкетану музейінде жақынырақ танысуға болады.

Алғашқы банкноттар — 1, 5, 10, 20, 50, 100 және 200 теңгелік ақшалар — ұлы тұлғалардың бейнелерімен безендірілген болатын. Олардың қатарында әл-Фараби, Сүйінбай Аронұлы, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы, Әбілхайыр хан және Абылай хан бар. Бұл алғашқы купюралар Англияда басылып шыққан. Оларды Қазақстанға жеткізу үшін төрт ұшақ жұмылдырылып, қатаң құпия жағдайда Лондон мен Орал қалаларының арасында 18 рет рейс жасалған. Банкнот фабрикасының ресми ашылуы 1995 жылы өтті. Кейінгі жылдары теңге беттерінде елдің көрікті жерлері, тарихи оқиғалар мен Тәуелсіздіктің рәміздері бейнелене бастады. Қазақстанның теңге сарайы 1992 жылы құрылған.

СНХ: АЙСҰЛУ САРСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСПОЗИЦИЯЛАР МЕН КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ