Негізгі Жаңалықтар Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару жүйелерін нығайту

Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару жүйелерін нығайту

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету бойынша симуляциялық тренинг өтті. Іс-шара ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы, Колумбия университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебіндегі ICAP ұйымы, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Тренинг 3 күн аралығында өтеді, бүгін бірінші күн. Іс-шараның мақсаты – табиғи және техногендік қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету және үйлестіру бойынша мамандардың даярлығын арттыру, сонымен қатар дағдарыс жағдайларында ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту. Практикалық бөлім барысында қатысушылар су тасқыны, жұқпалы аурулардың өршуі немесе техногендік апат сияқты әртүрлі төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша симуляциялық жаттығулар орындайды. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі; ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі; ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті; СҚО Денсаулық сақтау басқармасы; Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті; СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті; СҚО ТЖ департаменті; ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің СҚО аумақтық инспекциясының өкілдері қатысты.

СНХР: САУРАН ЕРДЕСОВ — ҰҚДСО ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЖ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Бөлісу