10 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде алғаш рет жаңа кәсіби мереке — Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің күні аталып өтті. 

«Құрмет пен қаһармандық — ұрпақтар сабақтастығы» акциясы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Одан кейін өткен семинар-кеңеске аудандық полиция бөлімдерінің ардагерлер ұйымдарының төрағалары, ІІМ ардагерлері, сондай-ақ мемлекеттік «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған және жас полиция қызметкерлері қатысты.


Ардагерлер өздерінің лайықты ізбасар қалдырғанына көз жеткізді: бүгінде облыстық полицияның бөлімшелерінде адам өмірін құтқарғаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған 18 қызметкер еңбек етуде.

СНХ: Абылғазы Ғабдуллин — СҚО ПД бастығының орынбасары


Жаңа мереке — Заң мен Тәртіптің сақшысы болған әрбір ардагердің еңбегін мойындау әрі олардың өмірлік тәжірибесін бағалау белгісі. Ведомствоның қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген ардагерлерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.



СҚО ПД Мәдениет орталығының қызметкерлері қонақтарға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Кейін ардагерлер департамент мұражайына экскурсия жасап, кофе-брейкте еркін әңгімелесті. Ардагерлер күні — полиция қызметкерлерінің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған дәстүрлі шара болмақ.