Қазіргі таңда қоғамда буллинг мәселесі өткір әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Бұл құбылыс тек мектептер мен оқу орындарында ғана емес, сонымен қатар жұмыс орнында, әлеуметтік желілерде және тұрмыстық ортада да кездеседі.
Буллинг дегеніміз - бір адамды немесе топты жүйелі түрде қорлау, кемсіту, ұрсысу, мазақ ету немесе психологиялық қысым жасау. Бұл әрекеттер адамның психикасына ауыр соққы болып, оның өзін-өзі бағалауына, өмір сапасына кері әсер етеді.
СНХ: ЖАНАТ МҰСТАФИНА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ
Әлеуметтік желілердің кеңінен таралуы буллингтің жаңа түрлерін туғызды - онлайн-буллинг. Бұл жағдайда қорлау мен мазақтау виртуалды ортада жүреді, бірақ оның зардабы шынайы өмірдегідей ауыр. Заң тарапынан да буллингке қарсы шаралар қабылданып келеді.
Айта кетейік, Облыс орталығындағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде психологиялық клуб жұмыс істейді. Мұнда әрбірі білім алушы келіп, педагог психологтың көмегіне жүгіне алады. Мамандар оқуындағы немесе жеке өміріндегі мәселелер алаңдатқан жастарды тыңдап, ақыл кеңестерін береді.
СНХ: ПАВЕЛ МОИСЕЕВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Мұндай психологиялық қысым кейде адамның өміріне қауіп төндіретін деңгейге жетуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, буллингтің ұзаққа созылуы адамның өз-өзіне сенімін жоғалтып, күйзеліске ұшырататынын, тіпті кей жағдайларда суицидке итермелеуі мүмкін екенін ескертеді.