Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде құқық қорғау органдарының өкілдері мен өңірдің белсенді қоғам қайраткерлері тағы да бас қосты. Кездесу жастарды есірткіге және есірткі қылмысына тартудың алдын алу бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналды.
СНХР: АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ — СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
СҚО полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев қоғам белсенділеріне кеңестің төсбелгілері мен бес жаңа мүшеге куәліктерін табыстады. Есірткіге және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске енгендердің қатарында спорттық «Aibyn team» қозғалысының жетекшісі Рүстем Ильясов та бар. Ол полицейлермен бірлесіп, спорттық және профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді. Профилактиканың жаңа тәсілдерін талқылау барысында ол өзі басқарып отырған қозғалысты тәуекел тобындағы жасөспірімдермен жұмысқа тартуды ұсынды.
СНХР: РҮСТЕМ ИЛЬЯСОВ — «AIBYN TEAM» СПОРТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Педагогтар профилактикалық жұмыстарға мектеп президенттері мен белсенді оқушыларды тарту қажет екенін айтты. Мұндай бастамалар полиция қызметкерлеріне жастар арасындағы ақпараттық жұмысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кеңес құрылған уақыттан бері жүзге жуық профилактикалық іс-шара өткізілді. Мәдени-бұқаралық акциялар, интерактивті ойындар, шығармашылық ұжымдардың концерттері ұйымдастырылды. Кеңес мүшелері әлеуметтік роликтер, бейнеүндеулер мен подкасттар дайындап, жастарға түсінікті форматта алдын алу мазмұнын жеткізді.