Облыс орталығында алматылық шығармашылық ұжымның «Өзбекәлі» атты тарихи-драмалық қойылымы сахналанды. Спектакль Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының сахнасында көрермен назарына ұсынылды. Тұңғыш рет бұл туынды-ұлт қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық қызметін арқау еткен маңызды мәдени жоба. Қойылым көрерменге елдік рух пен адамдық парасаттың мәнін терең сезіндіріп, зор ықыласқа ие болды.

Тарихи пьеса желісімен сахналанған қойылымда қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің тұлғалық болмысы мен ел алдындағы еңбегі көрініс тапты. Сахнада ауыл өмірі, ұлттық құндылықтар мен жас буынның рухани ізденісі бейнеленді. Туындының негізгі өзегі – жеке тағдыр мен қоғамдық миссия арасындағы күрес. Режиссер Берікқан Төкеновтің айтуынша, дайындық барысы 6 ай уақытқа созылған. Мұндағы басты мақсат – ұлт тұлғасының өмір жолы арқылы бүгінгі буынға өнеге ұсыну, елдік рухты ояту:

СНХР: БЕРІКҚАН ТӨКЕНОВ, РЕЖИССЕР


Қойылым барысында басты кейіпкердің отбасы, қоғам және билік арасындағы қайшылықтары ашылып көрсетіледі. Мәскеуден келген жоғары ұсыныстарға қарамастан, ел ішінде қалып, туған халқының болашағы үшін күрескен Өзбекәлі бейнесі – халық алдындағы адалдықтың символы ретінде бейнеленеді. Басты рөлді сомдайтын актерлік құрам бірнеше мәрте ауысқан. Режиссердің таңдауы Диас Жағыпаровқа түскен. Аталған рөлді сомдап шығу оған оңайға соқпаған:

СНХР: ДИАС ЖАҒЫПАРОВ, АКТЁР


Көрермен ерекше әсерге бөленіп, сахнадағы әр сәтті жүрекпен қабылдады. Тіпті кейбірі көзіне жас алды. Қойылым соңында зал толассыз қол шапалақтап, актерлерге ерекше қошемет көрсетті


Бүгін Қызылжар халқы Өзбекәлі Жәнібеков туралы көп ақпарат алды. Әсіресе, жастар біздің қол жеткізген тәуелсіздігіміздің маңызын, қадірін түсінетін шығар деп ойлаймын.


Осындай жалпы тарихи тұлғалр туралы спектакльдер көп болса деген ниеттеміз. Актерлік ойын, шеберіктері өте ұнады. Бүінгі спектакльге негізі біз бүгін ғана билет алып, түсен кейін келіп отырмыз. Бірақ осыншама аншлаг болады деп ойламадық.

Өзбекәлі Жәнібековті мысалы көп жастар танымайды қазір. Әлихан Бөкейхановтардың деңгейінде танымайды. Алайда осы театрдың арқасында, сол кісіні танып білді. Оның бізге істеген жақсылықтарын, қаншама еңбегін қазақ үшін жер үшін деген еңбегін көрді.

Көрерменге ұлттың ұлы тұлғасын танытып, елдік сана мен тарихи жадының маңызын айқындаған бұл туынды-рухани жаңғырудың нақты көрінісі. Шығармашылық ұжым алдағы уақытта спектакльді еліміздің өзге өңірлерінде де сахналауды жоспарлап отыр.