Облыстық әкімдікте өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім – 110 пайыз. Елдің аграрийлеріне жалпы құны триллион теңгеден астам қолдау көрсетілсе, оның 160 млрд теңгесі – Солтүстік Қазақстан облысына бағытталған. Шаруларды қолдау шаралары рекордтық өнім жинауға мүмкіндік берді. Жиында денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесі де талқыланды.
Өткен кезеңде өнеркәсіп және кен өндіру көлемі 16 пайызға артты. Құрылыс саласында да өсім байқалады.
СНХР: ҚАЗБЕК ОРЫНБАЙ – СҚО ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аймақ басшысы теріс көрсеткіштерге жеке тоқталды.
Инвестициялар көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 366 млрд теңгеге көбейді. Дегенмен, теріс динамика байқалатын аудандар да бар.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қажетті жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды. Одан кейін жиын денсаулық сақтау мәселесіне арналды. Өңірде 19 аурухана және 500-ге жуық амбулаториялық-емханалық ұйым жұмыс істейді. Соңғы 9 айда кадр тапшылығы дәрігерлер арасында 15 пайызға, орта медициналық қызметкерлер арасында 30 пайызға азайды.
СНХР: СӘКЕН ӘМРИН, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2025 жылы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне 300-ден астам өтініш түсті, олардың 150-і қаралды. Оның 84 пайызы – медицина саласына қатысты. Ғауез Нұрмұхамбетов онкологиялық орталықта болған жағдайды да назардан тыс қалдырмады. Ашық есік күніне шақырғанына қарамастан, тұрғындардың кейбірі дәрігер қабылдауына кіре алмаған.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мұндай жайтқа жол берілмеуі тиіс. Әрбір пациентке сапалы қызмет көрсетілуі керек, – деді облыс әкімі. Ол сондай-ақ жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселесіне де тоқталды. 1 қазаннан бері жеке тұрғын үйлер секторында 28 өрт тіркеліп, 5 адам көз жұмған.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыс әкімі бұл жұмысты 5 қарашаға дейін аяқтауды, сондай-ақ профилактикалық шараларды жалғастыруды тапсырды.