«ARAYKIDS» би студиясының жас бишілері Шымкент қаласында өткен халықаралық байқаудан жеңіспен оралды. Шығармашылық ұжым шырайлы қалада өткен бәсекелі додада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Бас жүлдені жеңіп алды. Өнерпаздарды әуежайда ата-аналары мен туысқандары ыстық ықыласпен қарсы алды.

Би ұжымы 26 қазан күні Шымкент қаласында өткен «Жүрегіңмен биле» атты халықаралық хореографиялық өнер байқауынан оралды. Жас бишілер ел намысын абыроймен қорғап, көрерменге ерекше әсер мен қуаныш сыйлады.


СНХ: АДЕЛЬ БЕРІК, «ARAYKIDS» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ БИШІСІ

 

Бұл жолы би ұжымына жеңіс әкелген 7-9 жастағы қыздар тобы. Олар өз жас санатында үздік деп танылып, гран-приді иеленді. Барлығы 32 биші хип-хоп және қазақ биі бағытындағы әсем өнерлерін паш етіп, көрермен мен қазылар алқасының зор ықыласына бөленді.


СНХ: ДИЛЯРА САБЫР, «ARAYKIDS» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ


Бйқауға дайындық шамамен екі айға созылған. Осы уақыт ішінде жас бишілер күн сайын жаттығып, қимыл-қозғалыстарын жетілдіріп, сахна мәдениетін шыңдады. Еңбек зая кетпеді, олар лайықты жеңіске жетті.