Жанжалға жол жоқ: солтүстікқазақстандық полицейлер студенттерге заң талаптарын түсіндіруде. Тоғыз ай ішінде облыс бойынша жасөспірімдердің қатысуымен 20 қылмыс жасалған.

Солтүстік Қазақстанда полицейлер колледж жатақханаларында тұратын бірінші курс студенттерінің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.


Мысалы, әлі күнге дейін кейбір жасөспірімдер жанжал мәселесін жұдырықпен шешудің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін білмейді. «Ұрып соғу» мен «жеңіл дене жарақатын салу» баптары Қылмыстық кодекске енгізілген.


Сондай-ақ буллинг пен сталкинг үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұдан бөлек, полицейлер студенттерге есірткі сату мен «дропперлік» деп аталатын интернет-алаяқтардың қаржы схемаларына қатысудың қауіптілігін еске салады. Статистика бойынша, 16–17 жастағы студенттер — негізгі тәуекел тобы. Тоғыз ай ішінде облыс бойынша жасөспірімдер 20 қылмыс жасаған, сол үшін 25 адам қылмыстық жауапқа тартылған. Олардың 22-сі — осы жас санатындағы жастар, ал олардың жартысы — колледж студенттері.

СНХР: Айнагүл Сауытбекова — СҚО ПД инспекторы


Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жасөспірімдер қылмысы 41 пайызға төмендегені байқалады. Заң мен Тәртіп сақшылары облыстағы барлық оқу орындарының жатақханаларында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.