Петропавлда кітапсүйер жандар бас қосатын ерекше орта бар. Ол - «Переплёт» атты кітап клубы. Мұнда қатысушылар әр ай сайын бір кітапты бірге оқып, талқылайды. Сондай-ақ, пікір алмасып, алған әсерлерімен бөліседі.

«Переплёт» клубының мүшелері ай сайын бас қосуды әдетке айналдырған. Екі жыл ішінде біршама жинақ кітап талданып, сараланған екен. Петропавлда клуб отырысына 10-ға жуық адам белсене қатысады. Сондай-ақ, әлемнің түкпір-түкпірінен қосылатындар да бар.

СНХ: ОЛЬГА ВАСИЛЬЕВА, «ПЕРЕПЛЁТ» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Жұмыс пен отбасылық істерге қарамастан, бұл әйелдер үшін кітап оқу ерекше жан тыныштығы. Олар әдебиет әлеміне үнемі еніп, кейіпкерлердің қуаныштары мен сынақтарын бірге бастан кешеді. Ал кездесулер мен пікір алмасу арқылы шығармалардың мағынасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады.

СНХ: ЮЛИЯ ЛЕВИЦКАЯ, КЛУБ МҮШЕСІ


СНХ: КАРИНА СУВОРОВА, КЛУБ МҮШЕСІ


Айта кетейік, Кітаптар ой-өрісті дамытып, дүниеге басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа мақсаттар қоюға шабыттандырады.