Атамекен" кәсіпкерлер палатасы жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысының мыңдаған тұрғындарына қаржылық және ақпараттық қолдау көрсетеді. Шағын және орта бизнес иелері, сондай-ақ өз ісін ашуды жоспарлап отырғандар барлық сұрақтар бойынша кеңес ала алады.

2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысының 266 кәсіпкері "Атамекен" кәсіпкерлер палатасынан қолдау алды. Олардың 143-і маркетинг саласында кәсіби кеңес алу үшін жүгінсе, 123-і сұранысқа ие есепші қызметтерді пайдаланды. Палатаның аудандық филиалдары 1 317 клиент үшін бизнесті жүргізудің түрлі мәселелері бойынша 6 500-ден астам кеңес берді. Сонымен қатар, өңірде гранттар алу бойынша түрлі бағдарламалар жұмыс істейді, бұл өз ісін бастау және кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

СНХР: ӘСЕЛ САМАРАТОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ