Енді фермерлерге субсидия мен мемлекеттік қолдау бойынша жасанды интеллект кеңес береді. Бүгін бұл жөнінде Сенаттың комиссия отырысында Премьер-Министр орынбасары-Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі мәлімдеді. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, фермерлерге субсидия мен мемлекеттік қолдау бойынша кеңес беретін жасанды интеллект көмекшісі енгізіліп жатыр. Сонымен қатар «Электрондық агроөнеркәсіп кешені» экожүйесі құрылуда. Ол Smart Farming технологиясына негізделген. 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы жерлерінің кемінде 50%-ы цифрлық бақылауға алынады деп жоспарлануда.

СНХ: ЖАСЛАН МӘДИЕВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ