Өңірде ұрлық фактілері 31,4 %-ға азайған. Ал аса ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіші 100 пайыз деңгейінде сақталуда. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 9 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізді

Жалпы облыс бойынша оң динамика сақталып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстардың жалпы тіркелуі 14,4%-ға азайды. Әсіресе, ұрлық фактілері 31,4%-ға, яғни шамамен үштен бірге қысқарған. Аса ауыр қылмыстар бойынша ашылу көрсеткіші 100 пайыз деңгейінде сақталуда. Дегенмен, кейбір бағыттарда, әсіресе интернет алаяқтықтарына қатысты мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет.

СНХР: Құрманғали Ысмағұлов — СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары


Полицейлердің мақсаты — тек жасалған қылмыстарды ашу емес, сонымен қатар алдын алу шараларын күшейту. Оның ішінде профилактика, киберқылмыстық инфрақұрылымға бағытталған нысаналы соққылар бар. Мәселен, биыл екі ұйымдасқан «дроповод» тобының қызметі тоқтатылып, жалған нөмірлерден қоңырау шалуға арналған арнайы техника орнатылған байланыс торабы анықталды.

СНХР: Құрманғали Ысмағұлов — СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары


Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов негізгі бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, ол ҚР Ішкі істер министрлігінің алқа шешімдерін жеткізіп, тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, қоғам сенімін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздік саласында «Заң және Тәртіп» қағидатын жүйелі түрде іске асыруға ерекше назар аударды.