Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегация Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының кезекті сессиясына қатысты. Біздің тарап ірі компаниялармен сауда-саттық бағытындағы перспективаларды Нью-Йорк қор биржасының өкілдерімен талқылады. Айта кетсек, Нью-Йорк қор биржасы – әлемдегі ең үлкен және ең көне сауда алаңының бірі.