Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ағартушысы, дәрігер, педагог және қоғам қайраткері Жұмағали Тілеулиннің 135 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы – Жұмағали Тілеулин» атты ғылыми–практикалық конференция өтті.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі – Жұмағали Тілеулин 1890 жылы Айыртау ауданының Шұқыркөл ауылында дүниеге келген. Ол – дәрігер, педагог, қоғам қайраткері. Елдің сауатын ашып, халқының саулығы үшін бар күшін арнаған ағартушы өз заманында үлкен беделге ие болған. Жазушы әрі журналист Жақсыбай Самраттың айтуынша, Омбыдағы фельдшерлік мектепті тәмамдағаннан кейін Жұмағали Тілеулин Қызылжар қаласындағы ояздық ауруханада қызмет атқарған. Сол кезеңде ол халық арасында жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстарын жүргізіп, талай адамның өмірін сақтап қалған.
СНХР: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ
СНХР: БЕКЕТ ТІЛЕУЛИН, ЖҰМАҒАЛИ ТІЛЕУЛИННІҢ НЕМЕРЕ ІНІСІ
Сондай-ақ, конференция аясында қатысушылар Жұмағали Тілеулин атындағы колледж музейімен танысып, архивтік құжаттар негізінде дайындалған «ХХ ғасырдың басындағы Қызылжардың ұлттық зиялылары» атты көрмені тамашалай алды.