Биыл жылыту маусымы басталғалы бері облыста 13 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға аз. Өкінішке қарай, тілсіз жау 2 адамның өмірін жалмаған. Ал материалдық шығын 1 миллион теңгеден асады. Ал өткен жылы өрттен 7 адам, оның ішінде бір бала қайтыс болған еді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде айтылды.

Халықтың қауіпсіздігін арттыру мақсатында облыста тамыздың 15-і мен қазан айының 15-не дейін өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіліп жатыр. Осыған байланысты төтеншеліктер әлеуметтік осал топтар тізімін жаңартып, толықтырды. Қазіргі таңда есепте 5781 тұрғын үй бар, онда 24 512 адам тұрады. Оның 13 мыңнан астамы бала. Әрбір үй бойынша арнайы бақылау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Науқан басталғалы бері мыңнан астам тұрғын үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды. Сонымен қатар, департамент қызметкерлері жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, жылу пештерінің мұржаларын тазарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Қазірге дейін 526 пеш тазартылып, оның 31-і арнайы вакуумдық құрылғымен өңделді.

аударма

АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ