Елдің ертеңін айқындайтын маңызды құжат – Президенттің халыққа Жолдауы. Биылғы Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндірісті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, жасанды интеллектті енгізу, білім беру жүйесін жаңғырту және заң үстемдігін күшейту сынды басым бағыттарды атап өтті. Солтүстікқазақстандықтар Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отыра, өз ой-пікірлерін білдірді.