Облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Өткен сенбі Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы саябақта сенбілік өтті. Іс-шараға билік өкілдері, қоғам белсенділері мен жастардан құралған 150-ден астам адам қатысты.

Акцияға 150-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов, облыстың Құрметті азаматтары, депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, саяси партиялар өкілдері, студенттер және жастар бар.

СНХР: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН , ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Акцияның басты мақсаты табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық сана мен жеке жауапкершілікті арттыру. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы өткен жылы көктемде басталған болатын. Мемлекет басшысы бұл іс-шара бір реттік емес, әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс екенін атап өтті.

СНХР: НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жалпы биыл өңірде 130 мың көшет отырғызу жоспарланған. Қазіргі таңда соның 110 мыңнан астамы егілді.