Жоғары құрылыс-экономика колледжінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Студент және заң: өзекті сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Жиынға өңір колледждерінен барлығы 150 студент қатысты. 

Облыстық Білім басқармасы, Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттеріне арналған конференция өтті. Іс шараның мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Студенттердің жеке және кәсіби өмірінде құқықтық санасы мен белсенділігін арттыру.

СНХ: РОЗА САРКЕН – СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Конференция колледж студенттерін құқықтың өзекті мәселелерін, құқықбұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарау тақырыптарын талқылау үшін біріктірді. Спикерлер студент пен заң арасындағы өзара қатынастардың түрлі қырларын ашып көрсететін бірқатар баяндама жасады.

СНХ: АЙГЕРІМ ШОҚАН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ


Конференцияға 150 студент қатысты. Оның ішінде студенттік парламент президенттері, «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері, Техникалық және кәсіптік білім алып жатқан бірінші курс студенттер бар.

СНХ: АҚТАН ХАЛДАУЛЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТІ


Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастырады. Жастар үшін заңды білу – өз қауіпсіздігі мен болашағын қорғаудың басты кепілі.