Негізгі Жаңалықтар Петропавлда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш отырғызылды

Петропавлда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен сенбі күні республика көлемінде ауқымды жалпыұлттық тазалық акциясы өтті. Бұл күні СҚО-да табиғатты қорғауға бағытталған экоакция шеңберінде 250 елдімекенде 10 мың көшет отырғызылды. Табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараға қала әкімі, облыстың құрметті азаматтары қоғамдық ұйымдардың өкілділері мен еріктілер, студенттер қатысты.

Облыс бойынша барлығы 10 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Оның 9 мыңы — аудандарда, ал 1 мың түп — Петропавл қаласында егілді. Акцияға еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін белесене атсалысты.

СНХР: БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ


Қалалық әкімдік өкілдері мен мекеме қызметкерлері де белсенді түрде қатысып, әр ағашты өз қолдарымен отырғызды.

СНХР: ҚАЙСАР ШАЛАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ҚҰЖАТТАМА БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ


Айта кетейік, ағаш отырғызу жұмыстары «Береке», «Бірлік» және «Жас Өркен» шағын аудандарында өтті. Онда шырша, қарағай және қайың ағаштары отырғызылды.



Бөлісу